Елордада қоғам және мәдениет қайраткерлері онлайн-сұхбатқа шығады
2 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қаланың қоғам және мәдениет қайраткерлерімен онлайн-сұхбат жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Онлайн-сұхбат» күн сайын сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында (NS madeniet) жүргізіледі. Бағдарлама жүргізушісі - Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. «Бұл жоба әлемде болып жатқан жағдайға байланысты карантин кезінде мәдениет, білім және т.б. салаларда қандай өзгерістер орын алып жатқанын дәл уақытында жеткізу мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қазіргі жағдайға байланысты берген тапсырмалары қалай жүзеге асып жатқаны туралы да сөз болады. Сұхбат онлайн форматта болғандықтан, кез келген азамат өзін толғандырған сауалға тікелей эфир арқылы жауап ала алады», - дейді Асхат Максимұлы. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі эфир қонағы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Аманжол Әлтаев шығады.
-->2 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қаланың қоғам және мәдениет қайраткерлерімен онлайн-сұхбат жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Онлайн-сұхбат» күн сайын сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында (NS madeniet) жүргізіледі. Бағдарлама жүргізушісі - Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. «Бұл жоба әлемде болып жатқан жағдайға байланысты карантин кезінде мәдениет, білім және т.б. салаларда қандай өзгерістер орын алып жатқанын дәл уақытында жеткізу мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қазіргі жағдайға байланысты берген тапсырмалары қалай жүзеге асып жатқаны туралы да сөз болады. Сұхбат онлайн форматта болғандықтан, кез келген азамат өзін толғандырған сауалға тікелей эфир арқылы жауап ала алады», - дейді Асхат Максимұлы. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі эфир қонағы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Аманжол Әлтаев шығады.