Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі
Қазгидромет 13-15 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс антициклоны еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың басылуын тудырады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әрі қарай ауа температурасының жоғарылауы болжануда.
-->Қазгидромет 13-15 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс антициклоны еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың басылуын тудырады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әрі қарай ауа температурасының жоғарылауы болжануда.