Қазақстан 30 мың тонна балық өнімін экспорттады
Өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 миллион АҚШ долларына 30 мың тонна өнім экспортталды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық, деп хабарлайды Елорда Инфо Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, балық саласындағы өзекті мәселе балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы болып саналады. Ол орташа жылдық өнімнен 5 есе артық. Оны жою үшін балық айналымының су айдынынан соңғы тұтынушыға дейін бүкіл үдерісін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд. теңгеге ұлғайтады. Министр отандық балық өнімдері нарығының көлемін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар екеніне сенімді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Министрлік балық саласын ұзақ мерзімді дамыту үшін, соның ішінде инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараларды пысықтауда.
-->Өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 миллион АҚШ долларына 30 мың тонна өнім экспортталды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық, деп хабарлайды Елорда Инфо Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, балық саласындағы өзекті мәселе балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы болып саналады. Ол орташа жылдық өнімнен 5 есе артық. Оны жою үшін балық айналымының су айдынынан соңғы тұтынушыға дейін бүкіл үдерісін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд. теңгеге ұлғайтады. Министр отандық балық өнімдері нарығының көлемін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар екеніне сенімді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Министрлік балық саласын ұзақ мерзімді дамыту үшін, соның ішінде инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараларды пысықтауда.