Елорда жаңалықтары

Уақытша жүзуге тыйым салынған және қауіпті аудандарды белгілеу ережелері өзгертілді

«Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұйрықты қабылдаудың мақсаты онда қолданылатын ұйғарымдарды 2019 жылғы 8 ақпандағы № 222-VІ ҚРЗ ратификацияланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға сәйкес келтіру болып саналады. Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленген. Оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға келеңсіздік әкеп соқпайды. Толық мәтінмен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.

-->