Астаналық «Барыстың» экс-ойыншысы АҚШ-та қала мэрі болып сайланды
Нұр-Сұлтандық «Барыс» хоккей клубы команданың экс-капитаны Брэндон Боченскиді АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатындағы Гранд Форкс қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Біздің аты аңызға айналған ойыншымыз Брэндон Боченски Гранд Форкс (Солтүстік Дакота, АҚШ) мэрін сайлауда жеңімпаз атанды. Оған сайлаушылардың 49,62 пайызы (5 663 дауыс) дауыс берді. Құттықтаймыз! Өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік пен толағай табыс тілейміз!» – делінген клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Естеріңізге салсақ, Брэндон Боченски «Барыс» сапында 2010 жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Қазақстан астанасы командасының құрамында ҚХЛ-да 455 матч өткізіп, 444 (179 + 265) ұпай жинаған. Боченски Қазақстан құрамасында 19 ойын өткізіп, 16 (5 +11) ұпай жинады.
-->Нұр-Сұлтандық «Барыс» хоккей клубы команданың экс-капитаны Брэндон Боченскиді АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатындағы Гранд Форкс қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Біздің аты аңызға айналған ойыншымыз Брэндон Боченски Гранд Форкс (Солтүстік Дакота, АҚШ) мэрін сайлауда жеңімпаз атанды. Оған сайлаушылардың 49,62 пайызы (5 663 дауыс) дауыс берді. Құттықтаймыз! Өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік пен толағай табыс тілейміз!» – делінген клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Естеріңізге салсақ, Брэндон Боченски «Барыс» сапында 2010 жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Қазақстан астанасы командасының құрамында ҚХЛ-да 455 матч өткізіп, 444 (179 + 265) ұпай жинаған. Боченски Қазақстан құрамасында 19 ойын өткізіп, 16 (5 +11) ұпай жинады.