Елорда жаңалықтары

ҰБТ – 2020: Әр талапкер нені білуі керек

[caption id="attachment_19543" align="alignnone" width="954"] Фото интернеттен алынды[/caption] Биыл 20 маусыммен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ-ға 131 мыңнан аса мектеп түлегі қатысады. Бұл тұрғыда коронавирустық пандемия жағдайында қосымша талап енгізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Дайындық қалай жүріп жатыр? Бүгінде ҰБТ өткізетін 161 пункт, 1 200-ден аса аудитория дайындалып, қадамдық нұсқаулық қабылданды. Тәуекелділікті азайту үшін аудиториялар 50 пайызға ғана толтырылады. Сонымен қатар ҰБТ өткізілетін пункттер барикадалық ленталармен қоршалады. Тест тапсыру кезінде талапкерлердің бір-бірінен 2 метрге алшақ отыруы қамтамасыз етіледі. Ал талапкерлердің ата-аналарына тест тапсыру пункттерінде күтуге тыйым салынады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында келесі шаралар қолданылады: тест тапсырушыны дезинфекциялайтын тоннель арқылы өткізу; аяқ киімдерін арнайы дезинфекциялайтын сүрткішпен тазалау; температураны өлшеу; бір реттік пайдалануға арналған бетперде беру. Алғаш рет кіру кезінде бетті тануға арналған Face ID жүйесі қолданылады. Қағаз сертификаттардың орнына электронды нұсқалары беріледі. Сонымен қатар білім грантын тағайындау кезінде цифрлы куәлік енгізілген. Тест тапсырудан кім босатылады? ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ балына SAT (Scholastic Assessment Test), АСТ (American College Testing) және IB (халықаралық бакалавриат) халықаралық стандартталған тестілеу баллдарын аудару шкаласын енгізді. Осындай халықаралық емтихан сертификаттары бар талапкерлер ҰБТ тапсырудан босатылып, білім грантын иеленуге арналған конкурстарға қатыса алады. ҰБТ-ға кімді кіргізбейді? ҰБТ кезінде тест тапсырушыдан тыйым салынған заттар табылған жағдайда оның жинаған балы 0-ге теңестіріледі. Тестілеуге кіргізу кезінде ҮБТ тапсырушыдан тыйым салынған зат табылса, ол сол жолғы және одан кейін өтетін алдағы тестілеудің ешқайсысына кіргізілмейді. Сол сияқты өз орнына басқа біреуді кіргізбек болғандар анықталса да, биылғы ҰБТ-ны тапсырудан аластатылады. Сонымен қатар ҰБТ тапсыру кезеңі аяқталған соң осы жылдың 25 тамызы күні бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Сол кезде тест тапсырушының тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, тест қорытындысы 0-ге теңестіріліп, білім грантын иеленуге арналған конкурсқа қатысу құқығынан айырылады. ҰБТ-дағы қандай сұрақтар алынып тасталады? Биылғы Ұлттықбірыңғай тестілеуден оқушылардың 11-сыныпта оқыған төртінші тоқсандағы бағдарламаларына қатысты сұрақтар алынып тасталады. Бұл жеңілдіктің жасалуына оқушылардың төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып бітіруі себеп болып отыр. Калькулятор пайдалануға рұқсат беріле ме? Қазіргі уақытта ҰБТ-дағы функционалдық сауаттылық 35 пайыздан аса көрсеткішті құрайды. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес, емтихан кезінде калькуляторды пайдалану мәселесіне қатысты зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ көптеген емтиханда (SAT, ACT, GRE) калбкуляторды пайдалануға рұқсат берілетін халықаралық тәжірибеге талдау жасалды. Осылайша, ҰБТ-2020-да барлық тест тапсырушыға қарапайым арифметикалық жұмыстарды орындау үшін калькуляторлар ұсынылатын болады. Алайда өздерімен бірге калькуляторды алып келуге тыйым салынады. ЖОО-ға тапсыру үшін негізгі балл қанай болуы керек? Педагогикалық мамандықтарға тапсыру үшін – 70 балл; Ұлттық ЖОО-лар мен медициналық мамандықтар үшін – 65 балл; Агротехникалық мамандықтар үшін – 60 балл; Қалған барлық ЖОО-ға – 50 балл. 140 балл алған талапкерлерге не беріледі? ҰБТ-да 140 балл жинаған әр талапкерге соңғы модельдегі ноутбук сыйға беріледі. ҰБТ-ны екінші қайтара тапсыруға бола ма? ҰБТ-дан межелі балл жинай алмағандардың ЖОО-да қабылданған академиялық уақыты аяқталғанға дейін осы жыл ішінде тестті тағы бір мәрте тапсыруға мүмкіндігі бар.

-->