Футзалдан Қазақстан чемпионатының қашан басталатыны белгілі болды
Футзалдан Қазақстан чемпионатының ойындары қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан футбол федерациясының шешімімен футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатын 3 шілдеде басталады. Бұл туралы Алматының «Қайрат» футзал клубы мәлімдеді. Футзалдан өтуі тиіс барлық ойын Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылады деп жоспарлануда. «Қайрат» футзал клубы алғашқы ойынын 3 шілде күні «Атырауға» қарсы өткізеді. Жарыстың толық кестесі алдағы уақытта жарияланады.
-->Футзалдан Қазақстан чемпионатының ойындары қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан футбол федерациясының шешімімен футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатын 3 шілдеде басталады. Бұл туралы Алматының «Қайрат» футзал клубы мәлімдеді. Футзалдан өтуі тиіс барлық ойын Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылады деп жоспарлануда. «Қайрат» футзал клубы алғашқы ойынын 3 шілде күні «Атырауға» қарсы өткізеді. Жарыстың толық кестесі алдағы уақытта жарияланады.