Б.Қабжанов: Елордада 3 800 адам жұмыс іздеп жүр
«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыру орталығының» директоры Бақытбек Қабжанов карантин салдарынан жұмыссыздық көрсеткіші қаншалықты өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш айтарлықтай артты деп айта алмаймын. Бізде қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығының тіркеуінде 3 800-ден астам адам тұр. Статистика бойынша 4,4 пайыз. Оның ішінде 1 500-ден астам адамды уақытша жұмыстарға орналастырдық. Олар әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға барды. Бұл 3 800 адамның 1 300-іне әлеуметтік төлем берілді. Ал тұрақты жұмыс іздеушілер саны – 900 адам», - дейді ол. Айта кетейік, ол 8 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 410 адамды жұмысқа орналастырылғанын мәлім еткен болатын.
-->«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыру орталығының» директоры Бақытбек Қабжанов карантин салдарынан жұмыссыздық көрсеткіші қаншалықты өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш айтарлықтай артты деп айта алмаймын. Бізде қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығының тіркеуінде 3 800-ден астам адам тұр. Статистика бойынша 4,4 пайыз. Оның ішінде 1 500-ден астам адамды уақытша жұмыстарға орналастырдық. Олар әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға барды. Бұл 3 800 адамның 1 300-іне әлеуметтік төлем берілді. Ал тұрақты жұмыс іздеушілер саны – 900 адам», - дейді ол. Айта кетейік, ол 8 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 410 адамды жұмысқа орналастырылғанын мәлім еткен болатын.