Карантин кезінде қанша елордалық жұмысынан айырылды – әкімдік маманының жауабы
Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамту» орталығының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Азамат Байтасов онлайн брифингте карантин кезінде елордадағы жұмыссыздар санының өскенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин кезінде елордадағы жұмыссыздар саны едәуір артты. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,16 пайызды құрап отыр. Алдын ала болжам бойынша бұл көрсеткіш 6 пайызға дейін көтеріледі деп күтілуде. Қаладағы 83 жұмыс беруші тарапынан қысқарту жөніндегі хатта тағы 867 адамның қысқартылатыны туралы ақпарат бар. Қазіргі уақытта оның 276-сы жұмысынан қысқартылды. Қысқартылған азаматтар мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына келіп, құжаттарын тапсыруы қажет. Құжаттар тізімі мынадай: жеке куәлік, еңбек кітапшасы (онда жұмыстан шығаылғаны туралы жазу болуы керек) және диплом немесе аттестат. Содан соң өтініш қалдыру қажет. Құжаттар рәсімделген соң әлеуметтік төлемді алуға болады. Алайда әлеуметтік төлем тек ресми жұмыс істеп, зейнетақы қорын тұрақты түрде толғындарға ғана беріледі. Төлемақы мөлшері – жалақының 40 пайызы шамасында болады», – деді А.Байтасов.
-->Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамту» орталығының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Азамат Байтасов онлайн брифингте карантин кезінде елордадағы жұмыссыздар санының өскенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин кезінде елордадағы жұмыссыздар саны едәуір артты. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,16 пайызды құрап отыр. Алдын ала болжам бойынша бұл көрсеткіш 6 пайызға дейін көтеріледі деп күтілуде. Қаладағы 83 жұмыс беруші тарапынан қысқарту жөніндегі хатта тағы 867 адамның қысқартылатыны туралы ақпарат бар. Қазіргі уақытта оның 276-сы жұмысынан қысқартылды. Қысқартылған азаматтар мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына келіп, құжаттарын тапсыруы қажет. Құжаттар тізімі мынадай: жеке куәлік, еңбек кітапшасы (онда жұмыстан шығаылғаны туралы жазу болуы керек) және диплом немесе аттестат. Содан соң өтініш қалдыру қажет. Құжаттар рәсімделген соң әлеуметтік төлемді алуға болады. Алайда әлеуметтік төлем тек ресми жұмыс істеп, зейнетақы қорын тұрақты түрде толғындарға ғана беріледі. Төлемақы мөлшері – жалақының 40 пайызы шамасында болады», – деді А.Байтасов.