Елорда жаңалықтары

А.Байтасов: Жазғы демалыста студенттердің де жұмыс істеуіне мүмкіндік бар

Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамту» орталығының Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Азамат Байтасов онлайн брифингте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қалада құрылыс, абаттандыру, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс елордадағы жүздеген инфрақұрылымдық нысанда жүргізіледі. Бұл бағдарлама аясында 7 мыңнан аса жұмыссыз жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта соның 2 мыңнан астамы жұмысқа орналасқан. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға ниеттілер болса, олардан тек қана жеке куәлігі мен еңбек кітапшасы және білімін растайтын құжат сұралады. Қазіргі жазғы демалыс уақытында сабақтан босаған студенттер де қатыса алады», – деді А.Байтасов.

-->