Осы айдан бастап шағын бизнеске 6% мөлшерлемемен несие беріледі
Шағын бизнеске 6%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беру осы айдың ішінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Елорда Инфо Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа бағыт 6% -тен аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн. теңгеге дейін беріледі, бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады. «Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты - Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%-іне дейін кепілдендіреді», делінген хабарламада.
-->Шағын бизнеске 6%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беру осы айдың ішінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Елорда Инфо Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа бағыт 6% -тен аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн. теңгеге дейін беріледі, бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады. «Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты - Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%-іне дейін кепілдендіреді», делінген хабарламада.