Биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтпейтін болды
Халықаралық биатлон федерациясының (IBU) атқарушы комитеті биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық ұйым мұндай шешімді коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған. Шешім халықаралық биатлон федерациясы атқарушы комитетінің екікүндік видеоконференциясында талқыланып, осындай тоқтамға келді. Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 19-23 тамызда Германияның Рупольдинг қаласында жоспарланған болатын. Германия үкіметі бұқаралық іс-шара өткізуді 2020 жылдың 31 тамызына дейін тыйым салған. Соның салдарынан, Германия шаңғы спорты федерациясы мен Рупольдингтегі ұйымдастыру комитеті жарысты өткізуден бас тартып, IBU-ға жарысты өткізу құқығын қайтарып берді. IBU әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап жарысты кейінге қалдыруды қалағанымен, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты дүниежүзілік біріншілікті өткізбеуді ең дұрыс шешім деп қабылдады. Ал 10-13 қыркүйекке жоспарланған IBU конгресі 2020 жылдың 13-15 қарашасына қалдырылды.
-->Халықаралық биатлон федерациясының (IBU) атқарушы комитеті биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық ұйым мұндай шешімді коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған. Шешім халықаралық биатлон федерациясы атқарушы комитетінің екікүндік видеоконференциясында талқыланып, осындай тоқтамға келді. Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 19-23 тамызда Германияның Рупольдинг қаласында жоспарланған болатын. Германия үкіметі бұқаралық іс-шара өткізуді 2020 жылдың 31 тамызына дейін тыйым салған. Соның салдарынан, Германия шаңғы спорты федерациясы мен Рупольдингтегі ұйымдастыру комитеті жарысты өткізуден бас тартып, IBU-ға жарысты өткізу құқығын қайтарып берді. IBU әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап жарысты кейінге қалдыруды қалағанымен, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты дүниежүзілік біріншілікті өткізбеуді ең дұрыс шешім деп қабылдады. Ал 10-13 қыркүйекке жоспарланған IBU конгресі 2020 жылдың 13-15 қарашасына қалдырылды.