Елорданың сауда орындарында санитарлық нормалар қалай сақталады
Бүгін қала әкімдігінің мобильдік тобы СЭС қызметкерлерімен және полицейлермен бірлесіп елорданың сауда базарларына рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
"Астаналық" базары бойынша рейд барысында санитарлық нормалардың кейбір бұзушылықтары анықталды. Қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаевтың айтуынша, ғимаратта 1,5-2 метр қашықтық сақталмаған.
[caption id="attachment_18715" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat[/caption]
"Бұл жерде негізінен қашықтық сақталмайды. Біз мұны алтыншы қабаттағы асханада, шаштаразда көрдік. Бұл жерде тек кәсіпкерлердің өздерінің ғана емес азаматтардың да жауапкершілігі бар. Бұған келушілер түсіністікпен қарауы тиіс. Рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғасады. Вирус ешқайда кеткен жоқ, карантин жалғасуда. Мемлекет басшысы азаматтардың барлық санитарлық нормаларды мүлтіксіз сақтағанын, кері жағдайда ТЖ басында болған қатаң шараларға қайта оралуымыз мүмкін екенін мәлім еткен болатын", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Бүгінгі таңда шамамен 1 500 кәсіпкер "Астаналық" сауда нарығында өз қызметін жандандырды. Базардың әкімшісі Наталья Берікханованың мәліметіне сәйкес, 6 бутик санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін уақытша жабылды.
[caption id="attachment_18711" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat[/caption]
"Бізде тепловизорлар екі лифте және эскалатордың жанында тұр. Әр сағат сайын санитарлық нормалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Біз жалға алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мысалы, егер бетпердесіз жүрген адамды көрсек, онда бутик иесінен түсініктеме аламыз. Мониторинг барысында біз 6 бутикті жаптық. Олар барлық ескертулерді жойғаннан кейін барып қайта ашылады. Бізде әр қабатта арнайы бекітілген қызметкерлеріміз тексеру жүргізіп тұрады. Бір бутикте екі клиенттен артық болуға тыйым салынады", - деп түсіндірді сауда орнының әкімшісі.
Базар қызметкерлері ғимараттың үш учаскесінде термометрия жүргізеді. Алайда, кәсіпкерлердің бәрінде қызметкерлердің термометриясын тіркеу журналдары жоқ.
[caption id="attachment_18713" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat[/caption]
"Кейбір кәсіпкерлерде термометрияның дәптері жоқ. Олар өз қызметкерлерінің дене қызуын күніне екі рет өлшеуі тиіс. Өкінішке орай, оларда бұл жоқ, ал бас санитарлық дәрігер бекіткен алгоритм бойынша, мұның бәрі оларда болуы керек. Әрине, біз оларға ескерту жасап, базар әкімшілігіне тапсырдық, олар тиісті шаралар қабылдайтын болады. Олар термометр сатып алмайынша жұмыстарын тоқтатуы тиіс", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бас маманы Азамат Рашитов.
Кәсіпкерлер өз кезегінде бутиктерде ылғалды тазалау және дезинфекциялау жұмысын күніне екі рет жүргізілетінін айтып өтті.
[caption id="attachment_18714" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat[/caption]
"Бізде тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Әсіресе мейрамханаларға, шаштараздарға, сауда орталықтарына, сауда үйлеріне, базарларға, яғни жұмыс істеуге рұқсат етілген барлық бизнес субъектілеріне баса назар аударамыз. Әкімнің қатысуымен онлайн-форматта түсіндірме кездесулер өткізіледі. Бүгінде бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамайтын барлық нысан жабылып, айыппұл салынады және оларға қатаң шаралар қолданылады. Сондықтан да, барлық кәсіпкерлерді карантин талаптары сақтауға шақырамыз. Кіре берістерде мамандар маскалар, санитайзерлер болуын талап етеді. Бұл нормалар коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бағытталады", - деді Бекмұрзаев.
-->Бүгін қала әкімдігінің мобильдік тобы СЭС қызметкерлерімен және полицейлермен бірлесіп елорданың сауда базарларына рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.