Елорда жаңалықтары

Елорданы әуеден дезинфекциялау мүмкін бе

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев "Бас қаланы дезинфекциялау түнгі уақытта әуеден жүргізілуі мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елорданы әуеден дезинфекциялайтыны туралы ақпарат - жалған. Кез келген жағдайда ақпаратты ресми деректерден алу керек. Біз бұл мәселені мамандармен ақылдасып көргенбіз. Қалада жел жиі болып тұратындықтан оның ешқандай тиімділігі болмайды», - дейді Алтынбек Қайсағалиев. Ол дезинфекция жасайтын препараттардың сапасына тоқталып өтті. «Бұл арнайы жазып берілген препараттар. Олардың арнайы лицезиясы бар, мамандардың кеңесімен алынды. Бұл препараттар адамның да, жануарлардың да денсаулығына еш зияны жоқ. Сөз ыңғайы келгендей айтайын, көпқабатты үйлердегі жеделсатылар дезинфекцияланған соң тұрғындардың 30 мин – 1 сағат аралығында кіруіне тыйым саламыз. Бәлкім кей тұрғындардың аллергиясы болуы мүмкін. Сол сияқты біз жеделсатыларды осы уақыт аралығында тоқтатып қоямыз», - дейді әкім орынбасары.

-->