Қорғаныс министрлігі ақылы қызметтердің тарифтері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізеді
Қорғаныс министрлігі «Ақылы негізде көрсетілетін қызметтер тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және бірнеше негізгі өзгерістерді қарастырады. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда «Спорт саласында ақылы негізде ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» болып өзгертілді. Өзгерістер сондай-ақ 2020 жылға бекітілген калькуляция нәтижелері бойынша әзірленген қызметтер тарифтеріне қатысты болды. Айта кету керек, Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы көрсететін қызметтер тізіміне тренажер залында, жүзу бассейнінде, спорт және ойын залдарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер, спорттық іс-шаралар оның ішінде: жарыстар, Қарулы Күштерге ведомстволық қатысы жоқ тұлғалармен оқу-жаттығу жиындары, спорттық құрал-жабдықтар мен спорт ғимараттарын ұсыну кіреді.
-->Қорғаныс министрлігі «Ақылы негізде көрсетілетін қызметтер тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және бірнеше негізгі өзгерістерді қарастырады. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда «Спорт саласында ақылы негізде ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» болып өзгертілді. Өзгерістер сондай-ақ 2020 жылға бекітілген калькуляция нәтижелері бойынша әзірленген қызметтер тарифтеріне қатысты болды. Айта кету керек, Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы көрсететін қызметтер тізіміне тренажер залында, жүзу бассейнінде, спорт және ойын залдарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер, спорттық іс-шаралар оның ішінде: жарыстар, Қарулы Күштерге ведомстволық қатысы жоқ тұлғалармен оқу-жаттығу жиындары, спорттық құрал-жабдықтар мен спорт ғимараттарын ұсыну кіреді.