Елордада COVID-19 диагностикасы бойынша мобильді скрининг іске қосылды
Енді авто әуесқойлар мен жолаушылар коронавирустық инфекцияға көлікте отырып-ақ тест тапсыра алады. Бүгін Нұр-Сұлтанда COVID-19 диагностикасы бойынша тест тапсыруға арналған мобильді орталық іске қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Зертхана №2 көпбейінді қалалық аурухана базасына қарайды. Скрининг-орталық «Мега Silk way» СОО маңында, яғни №2 аурухана мен сауда, ойын-сауық орталығының ортасында орналасқан.
Аталған мобильді орталықтың ашылуына елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.
[caption id="attachment_18598" align="alignnone" width="696"] Фото авторы: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption]
«Мұндағы мақсат – қала тұрғындарының барлығына тест тапсырып, инфекция жұқтырмағанына көз жеткізуге мүмкіндік беру. Бұдан бөлек қаладағы 6 зертханада күнделікті 4 500 тест тапсырылады. Жалпы, қала бойынша мемлекеттік және жекеменшік зертханалар жұмыс жасайды. Ал бұл орталықтың орналасқан жері де ыңғайлы. Азаматтар әуежайдан келе жатып та тест тапсыра алады. Көліктерге де автотұрақ орны жеткілікті», – деді Бақтияр Мәкен тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта қаланың басқа бөлігінде де ашылуы мүмкін.
Мобильді орталықтың қуаты күніне 100-ден астам тестті құрайды. Бір адамға процесстің ұзақтығы 3-5 минут қана болады. Бұл – дәстүрлі скринингге жұмсалатын процесстің үштен бір бөлігі ғана. Мұның ең тиімділігі тест тапсырушылар кезек күтпей, ешкіммен байланыс жасамай, өз автокөлігінде отыра береді. Процедура ақылы, бағасы 10 мың теңге тұрады.
[caption id="attachment_18601" align="alignnone" width="696"]
Фото авторы: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption]
Тест тапсырушылар жеке ақпарат, эпидемиологиялық факторлар мен байланысты симптомдары бар сауалнаманы толтырады. Кабинада дене температурасы байланыссыз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағатта белгілі болады. Оны бір тәулік ішінде электрондық пошта арқылы немесе телефон нөмірі арқылы PDF форматында ала алады. COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда осы кезеңде тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады.
Мобильді скрининг-орталығы сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз, індеттің соңына дейін жұмыс істейтін болады.
Айта кетсек, осындай әдісті Оңтүстік Кореялық дәрігерлері, одан кейін басқа да бірқатар елдер сынап көрді. Бұған дейін MPK CLINIC клиникасы Алматы қаласындағы COVID-19-ға тестілеу тапсыру үшін мобильді орталықты ұсынылып, автоәуесқойлар тарапынан оң пікірге ие болыпты.
Мамандардың пікірінше, Нұр-Сұлтандағы осындай пункттің ашылуы қала тұрғындары арасында жасырын ауру ошақтарын анықтауға және асқынуға жол бермей, уақтылы санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу шараларын алдын ала қабылдауға мүмкіндік береді.