Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерге барды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Таңертеңгілік аралау барысында құрылысы ұзаққа созылған бірқатар тұрғын үйдің құрылысымен таныстым. Мысалы, Хазар тұрғын үй кешенінде (Загреб) инвестор анықталды, көппәтерлі үй салу жұмыстары басталды. Құрылысы ұзаққа созылған үйлер инвесторларға тартымды болу үшін қосымша жер учаскесін бөлеміз. Олардың бір бөлігі - қолжетімді тұрғын үй сегменті. Егер былтыр 10 үй салынып, пайдалануға берілсе, биыл пайдануға берілетін үй саны есі есе көп. 8 мың үлескер пәтер кілтін алып, үй құжаттарын рәсімдей алады», - деп жазды А.Көлгінов.
[caption id="attachment_18577" align="alignnone" width="853"] Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]