Елорда жаңалықтары

КМҚП медицина қызметкерлері 800 адамға көмек көрсетті

2020 жылғы 5 айда Апаттар медицинасы орталығының бригадасы 1573 рет төтенше жағдайлар орнына барды. Бұл туралы Елорда Инфо Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл ретте 1649 адамға, оның ішінде 115 балаға медициналық көмек көрсетілді, 568 адам, оның ішінде 69 бала ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 322 адам, оның ішінде 35 бала ауруханаға жатқызылды. АМО қызметінің басым бағыттарының бірі соңғы 8 жылда жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болды. Республикалық трассалардың авариялық учаскелерінде тәулік бойы ЖКО-да зардап шеккендерге 40 күрежол медициналық-құтқару пункті медициналық және құтқару көмегін көрсетеді. «Биыл күрежол пункттерінің бригадалары 365 шығуды жүзеге асырды, 429 адамды, оның ішінде 43 баланы эвакуациялады, 832 зардап шегушіге, оның ішінде 51 балаға медициналық көмек көрсетті, 248 адам, оның ішінде 22 бала ауруханаға жатқызылды. ТМҚП жұмысы өз жауапкершілік аймақтарында ЖКО кезінде өлім-жітім санын қысқартуға мүмкіндік берді,- деп Төтенше жағдайлар комитетінде атап өтті. КМҚП бригадалары тәулік бойы күрежол пункттерінің «жауапкершілік аймағында»  орын алған жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, оқиға орнына медициналық-құтқару  реанимобилімен барады, сондай-ақ өздігінен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.

-->