Елорда жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі қандай іс-шараларға тыйым салынатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде пандемияға байланысты қандай іс-шараларға тыйым салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елімізде жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Олардың қатарында спорттық, отбасылық, ұжымдық, көңіл көтеру (сауда ойын сауық орталықтары) шаралары бар. Адамдарға әлі де шоғырлануға болмайды. Әзірге кинотеатрларды ашуға рұқсат жоқ.  Сол сияқты фуд-корттар, сауда орталықтарындағы балалар алаңқайы, түнгі клубтар жұмыс істемейді. Ал діни нысандарда жекелей ғана құлшылық жасауға болады. Тыйым салынғандардың қатарында балалар сауықтыру лагері де бар», - дейді министр. Өз сөзінде шетелдік азаматтардың арнайы шешіммен ғана елге кіруіне болатынын қозғап өтті. «Ал халықаралық тасымалдарды (тауарлар) іске қосуға дайындалып отырмыз. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарын қайтаруға рұқсат бар. Ал шетелдіктердің елімізге кіруі мемлекеттік комиссияның шешімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл тыйымдар төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап қолданылып, пандемияның созылуына байланысты бүгінге дейін жалғасып жатыр. Эпидемия Қазақстаннан әлі кеткен жоқ. Науқастардың саны артып жатқанын күнделікті байқап отырмыз», - деді Біртанов. Сөз арасында бүгінге дейін ашылған шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.

-->