Елорда жаңалықтары

Елордадағы тұрғын үйлердің 80 пайызы зарарсыздандырылды – Алтынбек Қайсағалиев

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев елордада жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап қаланың барлық нысандарында, адам көп шоғырланатын орындарда, сонымен қатар тұрғын-үй кешендері мен тұрғын алаптарында ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Зарарсыздандыру жұмыстары Қорғаныс министрлігінің күшімен, атап айтқанда, ҚР Қорғаныс министрлігінің радиохимиялық және бактериологиялық Әскерінің, қала әкімдігі мен дезинфекциялық жұмыстар жасайтын ұйымдардың күшімен күнделікті жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шараларды жүргізуге 50-ден астам техника, соның ішінде 20 әскери техника бірлігі, 200 роторлық және сорғы шашыратқыштары жұмылдырылды», – деді әкім орынбасары. Оның айтуынша, дезинфекция жұмыстарына 470 дезинфектор-адамдар, соның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінен – 231 адам, дезинфекциялық жұмыстар жасайтын ұйымдардан 239 адам қатысуда. Сонымен қатар ол күнделікті әскерилер күшімен 10 бағыт бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Қаланың барлық сауда орындарына іргелес жатқан аумақтарына, медициналық ұйымдарына, сауда орталықтарына, шағын сауда маркеттеріне, барлық өткізу бекеттеріне, мешіттерге, ауданаралық аумақтарға, үй кіреберістері мен лифтілерге күнделікті негізде БКС 5 (арнайы өңдеуге негізгі жиынтық), дезостерил форте (1 тонна суға 1 литр), гипохлорит кальция дезинфекциялаушы ерітінділерімен өңдеу жүргізіледі. Пайдаланылатын дезинфекциялаушы құралдардың микробтарға, вирустарға қарсы әсер ететін күші бар және емдеу-профилактикалық мекемелерді, коммуналдық қызмет объектілерін, тағам өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарын, сонымен қатар сауда орындарын өңдеуге арналған. Үй жануарлары мен адамдарға қауіпсіз болып саналады. Бұл жұмыстарға дезинфекциялық құралдар сатып алынды, бүгінгі күні олардың қоры жеткілікті», – деді А.Қайсағалиев. Оның сөзінше, бүгінде 165 тонна дезқұрал – натрий гипохлорит сатып алынған.  Сонымен қатар 270 литр көлеміндегі Дезостерил Форте мен дезқұралдарын араластыру кезінде 200 тоннадан астам дайын дезинфекциялық ерітінді алынады. Зарарсыздандыру жұмыстары аясында 1 529 үй, 6 375 кіреберіс және 1 500 балалар мен спорт алаңдарында аталған  жұмыстар атқарылды. Бұл жалпы түрғын үйлердің 80% құрайды. «Сонымен қатар «Қараөткел», «Комсомольский», «Шұбар», «Заречный», «Депгородок» тұрғн алаптары және «Оңтүстік-шығыстың» оң жақ бетіндегі жеке меншік үйлердің аумағы арнайы дез машиналарымен өңделді. Бұл жұмыстар кестеге сай жүргізіледі. Пайдаланылған қорғау құралдарын жинау және жою үшін арнайы экобокстар орнатылды», – деді ол.

-->