Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. «Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады», делінген қала әкімінің хабарламасында. Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны 24 адамды құрайды,оның 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында.  

-->