Елорда жаңалықтары

Асхат Қожумов Қаржы басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарма Төрағасының кеңесшісі, құқық, экономика және бизнес - менеджмент магистрі Асхат Қожумов Қаржы басқармасының еңбек ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Сөз сөйлеу барысында Асхат Қожумов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, сондай-ақ Сингапур, АҚШ және Қытай сияқты дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайымен таныстырды. Сондай – ақ, спикер жас ұрпақтың бойында парасаттылық пен адалдық идеологиясын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, 2019 жылғы мемлекет басшысына ұсынылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама талқыланды. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және т.б.) жұмыс қорытындылары көрсетіледі. Асхат Қожумов қаржы басқармасының ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.

-->