Елордада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері қыстан кейін елорданы ретке келтіруде, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Ауа температурасы жоғарылауымен елордада көшелерді, аулаларды, аялдамаларды, саябақтарды, тынымбақтар мен көпшілік орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көгалдарды тазалау, жасыл желектерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Көктемгі тазалау және аумақты абаттандыру екі ауысымда жүргізілуде. Коммуналдық қызмет жұмысшылары елордада қыс мезгілінен кейін тазалық орнату үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтуде.
-->Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері қыстан кейін елорданы ретке келтіруде, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Ауа температурасы жоғарылауымен елордада көшелерді, аулаларды, аялдамаларды, саябақтарды, тынымбақтар мен көпшілік орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көгалдарды тазалау, жасыл желектерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Көктемгі тазалау және аумақты абаттандыру екі ауысымда жүргізілуде. Коммуналдық қызмет жұмысшылары елордада қыс мезгілінен кейін тазалық орнату үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтуде.