Заңды тұлғалар көлік құралдарын онлайн режимде тіркейтін болады
«Электрондық үкімет» порталында Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу бойынша қызмет модификацияланды. Енді оны заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ пайдалануға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сілтеме жасап. «Бұрын көрсетілетін қызметті тек жеке тұлғалар ғана пайдалана алатын болса, бірақ қазір ол заңды тұлғалар үшін де қолжетімді, бұл оны алу процесін жеңілдетеді. Порталды пайдалана отырып, азаматтар өздерін мекемеге бармай-ақ, көп уақытты үнемдейді», - деп түсіндірді «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. Автокөлік сатып алуға мәміле жасағаннан кейін автосалон өкілі автокөлік құралын eGov.kz порталында тіркеуге өтінімді ресімдеуі тиіс.Өтінім беру процесінде автосалон өкілі автомобильдің техникалық талаптарын енгізеді, құжаттар қоса тіркеледі, БСН көрсетіледі. Бұдан әрі өтінімге ЭЦҚ қол қойылады және сатып алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Сатып алушы осы өтініммен Жеке кабинетте танысу, өз автомобилі үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдау, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеу, машинаны иелену құқығын растайтын құжатты, өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты тіркеу, өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып растау қажет. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген өтінімді орындау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
-->«Электрондық үкімет» порталында Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу бойынша қызмет модификацияланды. Енді оны заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ пайдалануға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сілтеме жасап. «Бұрын көрсетілетін қызметті тек жеке тұлғалар ғана пайдалана алатын болса, бірақ қазір ол заңды тұлғалар үшін де қолжетімді, бұл оны алу процесін жеңілдетеді. Порталды пайдалана отырып, азаматтар өздерін мекемеге бармай-ақ, көп уақытты үнемдейді», - деп түсіндірді «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. Автокөлік сатып алуға мәміле жасағаннан кейін автосалон өкілі автокөлік құралын eGov.kz порталында тіркеуге өтінімді ресімдеуі тиіс.Өтінім беру процесінде автосалон өкілі автомобильдің техникалық талаптарын енгізеді, құжаттар қоса тіркеледі, БСН көрсетіледі. Бұдан әрі өтінімге ЭЦҚ қол қойылады және сатып алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Сатып алушы осы өтініммен Жеке кабинетте танысу, өз автомобилі үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдау, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеу, машинаны иелену құқығын растайтын құжатты, өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты тіркеу, өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып растау қажет. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген өтінімді орындау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.