Елорда жаңалықтары

Терминологиялық сөздік жасау жөнінде онлайн-конференция өтеді

«Терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесі» атты онлайн-конференция өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы онлайн-конференция 5 маусым күні сағат 15.00-де termincom.kz сайтының youtube арнасында өткізіледі. "Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын нығайтуда сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше. Сол себепті терминологиялық сөздіктер жасауға, оларды жасаудың əдістемесін жетілдіруге аса мəн берген жөн. Аталған іс-шара терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесін талдауға, соның негізінде терминология сөздік жасаудың негізгі талаптарын анықтауға бағытталған. Онлайн-конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова терминологиялық сөздік жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесіне тоқталатын болады", – делінген хабарламада.

-->