Елорда жаңалықтары

ИИДМ: 2020 жылы 9,5 мың км жол жөнделеді

Биыл республикалық және жергілікті автожолдардың 9,5 мың шақырымы жөнделеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапалы, жылдам және қауіпсіз жолмен қамтамасыз ету -  инфрақұрылымдық дамудың негізгі міндеті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ұзындығы 641 шақырымдық учаскеде қозғалыс ашылды. Атап айтқанда мына жолдарда:

- Теміртау-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (1056 км) - 61 км (Қарағанды-Теміртау және Қарағанды қ. айналма жолы);

- Орталық-Шығыс дәлізі (914 км) - 249 км (180 км-Нұр-сұлтан-Павлодар, 69 км-Павлодар-Семей);

- Көкшетау - Петропавл - бағ. РФ (260 км) - 16 км (7 км-Көкшетау қ. кіреберіс, 9 км-Петропавл-РФ шекарасы);

- Бейнеу-Ақжігіт – 85 км) - 85 км;

- Таскескен-Бақты (187 км) - 18 км;

- Щучинск-Зеренді (80 км) - 80 км;

- Қандыағаш-Мақат (359 км) - 26 км;

- Жетібай-Жаңаөзен (73 км) – 73 км.

Ақауларды жою үшін 1,1 мың шақырым республикалық және 3,5 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті жолдар күрделі және орташа жөндеумен қамтылды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 88% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтірілді. Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша бұл көрсеткіш 71% құрады.

Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 9,5 мың шақырымын жөндеу жоспарланған. Оның ішінде республикалық желінің 4 мың шақырым автожолда салу және реконструкциялау жүргізілуде (Қарағанды-Балқаш-Қапшағай, Ақтөбе-Атырау-Астрахань Талдықорған-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай, Көкшетау-Петропавл-Қорған, Ұзынағаш-Отар, Мерке-Бурылбайтал, Қостанай-Денисовка, Үшарал-Достық).

2020 жылдың соңында жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автожол учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Атап айтқанда:

- Талдықорған-Өскемен – 763 км) - 763 км;

- Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (955 км) - 645 км (363 км-Қарағанды-Балқаш, 282 км-Балқаш-құрты);

- Ақтөбе-Атырау-Астрахань (725 км) - 279 км (Атырау-Астрахань 60 км, Қандыағаш-Мақат 219 км);

- Қалбатау-Майқапшағай – (415 км) - 415 км;

- Мерке-Бурылбайтал – 266 км) - 266 км;

- Үшарал-Достық (184 км) - 60 км;

- Ұзынағаш-Отар – 96 км) - 56 км;

- Көкшетау-Петропавл-Қорған (260 км) -67 км (60 км-Петропавл-Қорған, 7 км-Көкшетау қ. кіреберіс);

- Қостанай-Денисовка (114 км) - 60 км (Рудный-Денисовка).

Күрделі және орташа жөндеумен қамтылған 1,5 мың шақырым жолдың 1,1 мың шақырымында жұмыстар аяқталады.

Бүгінгі таңда жол бойындағы сервистің 1 815 объектісі жұмыс істейді, оның 894 (49%) Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервис объектілерін ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізеді. Биыл санитарлық-гигиеналық тораптары бар 23 автожанармай құю станциясын салу, сондай-ақ 70 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланып отыр. Осылайша, жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің 58% Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіріледі.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының маңызды міндеті - жергілікті жол желісінің сапасын арттыру. Ондай жолдардың жалпы ұзындығы - 70,9 мың шақырым.

Биыл 4 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді. Оған 30 мың адам жұмысқа тартылады. Жыл соңына дейін жергілікті желі жолдарының 75% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтірілуі тиіс. Ал 2025 жылға қарай жергілікті желінің 27 мың шақырым автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық күйге келтіруге мүмкіндік береді.

-->