Елімізде карантин талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды
Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Карантиндік іс-шаралардың жиі бұзылуы сауда объектілерінің, ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының заңсыз жұмысымен байланысты. Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша мұндай қиын уақытта талап етілетін қорғаныс құралдары мен антисептиктерді заңсыз сатуға тырысатындар да табылатынын айтты. Полицейлер осындай 27 фактінің жолын кесті, 2 млн-нан астам медициналық маска, 4 мың қорғаныш костюмдері, 10 тонна дезинфекциялық өнімдер тәркіленді. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр. Ведомство басшысы сондай-ақ волонтерлермен бірлескен жұмыс туралы айтып, бүгінгі күні рейдтерге жеке қорғаныс құралдарымен арнайы киіммен қамтамасыз етілген 2 мыңнан астам ерікті қатысатынын хабарлады. Олардың көмегімен 240 құқық бұзушылық анықталды.
-->Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Карантиндік іс-шаралардың жиі бұзылуы сауда объектілерінің, ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының заңсыз жұмысымен байланысты. Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша мұндай қиын уақытта талап етілетін қорғаныс құралдары мен антисептиктерді заңсыз сатуға тырысатындар да табылатынын айтты. Полицейлер осындай 27 фактінің жолын кесті, 2 млн-нан астам медициналық маска, 4 мың қорғаныш костюмдері, 10 тонна дезинфекциялық өнімдер тәркіленді. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр. Ведомство басшысы сондай-ақ волонтерлермен бірлескен жұмыс туралы айтып, бүгінгі күні рейдтерге жеке қорғаныс құралдарымен арнайы киіммен қамтамасыз етілген 2 мыңнан астам ерікті қатысатынын хабарлады. Олардың көмегімен 240 құқық бұзушылық анықталды.