ҰБТ-да үміткерлерге калькуляторды пайдалануға рұқсат беріледі
ҰБТ-да калькуляторды пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұловқа сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық тестілеу орталығында Білім және ғылым Министрінің тапсырмасына сәйкес тестілеуде калькуляторды қолдану бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілген. Қазіргі уақытта ҰБТ-да функционалдық сауаттылықты бағалайтын тапсырмалар саны 35%-дан аспайды. Тест тапсырмалары, калькулятордың көмегімен, білім мен дағдысыз сұраққа жауап беруге болмайтындай құрылған. Формулаларды, пропорцияларды, аксиомаларды, математиканың теоремаларын, физика заңдарын қалай қолдану керектігін білмей, химиялық реакциялардың процестері мен жағдайларын түсінбей, тест тапсырмаларына жауап беру мүмкін емес. «Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіп, көптеген емтихандарда (SAT, ACT, GRE) калькуляторды қолдануға рұқсат етілгендігін анықтадық. Осылайша, ҰБТ 2020 кезінде барлық тестіленушілер қарапайым арифметикаға арналған калькуляторлармен қамтамасыз етіледі», деп көрсетті Д.Смагұлов. Дегенмен тестілеуге өзімен бірге калькуляторды алып келуге тыйым салынады, қажет болса ұйымдастырушылар өздері калькулятор беретін болады.
-->ҰБТ-да калькуляторды пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұловқа сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық тестілеу орталығында Білім және ғылым Министрінің тапсырмасына сәйкес тестілеуде калькуляторды қолдану бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілген. Қазіргі уақытта ҰБТ-да функционалдық сауаттылықты бағалайтын тапсырмалар саны 35%-дан аспайды. Тест тапсырмалары, калькулятордың көмегімен, білім мен дағдысыз сұраққа жауап беруге болмайтындай құрылған. Формулаларды, пропорцияларды, аксиомаларды, математиканың теоремаларын, физика заңдарын қалай қолдану керектігін білмей, химиялық реакциялардың процестері мен жағдайларын түсінбей, тест тапсырмаларына жауап беру мүмкін емес. «Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіп, көптеген емтихандарда (SAT, ACT, GRE) калькуляторды қолдануға рұқсат етілгендігін анықтадық. Осылайша, ҰБТ 2020 кезінде барлық тестіленушілер қарапайым арифметикаға арналған калькуляторлармен қамтамасыз етіледі», деп көрсетті Д.Смагұлов. Дегенмен тестілеуге өзімен бірге калькуляторды алып келуге тыйым салынады, қажет болса ұйымдастырушылар өздері калькулятор беретін болады.