Елбасы кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтеді
4 маусымда сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» дөңгелек үстелі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Іс-шара патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, Қазақстан Республикасының саяси нышандарын қастерлеудің өзекті мәселелерін талқылауды көздейді. Дөңгелек үстелге Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТҚ атқарушы директоры Т.Болысов, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі У.Бахретдинов, №54 мектеп-лицейдің директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ш.Сейсенбай, «Алтын жебе» еріктілер ұйымының негізін қалаған азаматтардың бірі, «Жастар» театрының актеры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ә.Нұрбек, еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысады. Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық-мәдени бірегейлігін, саяси құндылықтары мен мақсаттарын айқындайтын мемлекеттің нышаны. Олар патриотизмнің берік тірегі, Отанға деген шексіз махаббаттың, ұрпақтың азаматтылығы мен мұрагерлігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Тарих пен мемлекеттік рәміздердің мағынасын білу – мемлекет жайлы танымды кеңейтіп, халықтың азаматтық кемелділігін қалыптастырады. Елбасы олардың маңыздылығын анықтай отырып: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіруші бейнесін сипаттайды», – деген болатын.
-->4 маусымда сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» дөңгелек үстелі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Іс-шара патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, Қазақстан Республикасының саяси нышандарын қастерлеудің өзекті мәселелерін талқылауды көздейді. Дөңгелек үстелге Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТҚ атқарушы директоры Т.Болысов, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі У.Бахретдинов, №54 мектеп-лицейдің директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ш.Сейсенбай, «Алтын жебе» еріктілер ұйымының негізін қалаған азаматтардың бірі, «Жастар» театрының актеры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ә.Нұрбек, еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысады. Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық-мәдени бірегейлігін, саяси құндылықтары мен мақсаттарын айқындайтын мемлекеттің нышаны. Олар патриотизмнің берік тірегі, Отанға деген шексіз махаббаттың, ұрпақтың азаматтылығы мен мұрагерлігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Тарих пен мемлекеттік рәміздердің мағынасын білу – мемлекет жайлы танымды кеңейтіп, халықтың азаматтық кемелділігін қалыптастырады. Елбасы олардың маңыздылығын анықтай отырып: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіруші бейнесін сипаттайды», – деген болатын.