Елорда жаңалықтары

Биыл 1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр – Біржан Нұрымбетов

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинді алып тастағанда халықтың жұмыспен қамтылуы 2020 жылдың шілдесінен бастап қалпына келуі мүмкін деп санайды. Ол өз болжамдарын ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еңбек министрі осы жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрағанын атап өтті. Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн қазақстандық уақытша жұмысынан босатылды. «Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде карантиндік шараларды жеңілдету басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан халықтың жұмыспен қамтылуына басымдық беріле отырып қабылданып жатқан экономиканы қалпына келтіру шаралары шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Біржан Нұрымбетов. Министрдің айтуынша, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1%-ды құрайды. Сонымен қатар, ол биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланып отырғанын атап өтті. «Азаматтардың басым бөлігі – 600 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша – 255 мың адам, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша (Нұрлы жол, Нұрлы жер, ИИДМБ, БЖК 2020-2025 және т.б.) – 364 мың адам қамтылатын болады», – деді Біржан Нұрымбетов.

-->