Нұр-Сұлтанда 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды
Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Бұл - дәмханалар мен мейрамханалар, сұлулық салондары, стоматология, гүл сататын дүкендер. Мысалы, Coffee Day кофеханасы, Orda Dent стоматологиясы, Ziba және т.б. сұлулық салондарын атап өтуге болады. ⠀ Әкімдіктің мобильді тобымен бірге полицейлер мен эпидемиологтар да санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін рейдтер жүргізеді. 1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптары орындалмай, нысандар қайта ашылмайды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. ⠀ Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 50 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорынға ескерту жасалып, кей кәсіпкерлерге айыппұл салынды. ⠀ Астанада маска тағу режимі сақталуда. Адамдар көп жиналатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да жабық ғимаратта бетперде кию, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта ауысады.
-->Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Бұл - дәмханалар мен мейрамханалар, сұлулық салондары, стоматология, гүл сататын дүкендер. Мысалы, Coffee Day кофеханасы, Orda Dent стоматологиясы, Ziba және т.б. сұлулық салондарын атап өтуге болады. ⠀ Әкімдіктің мобильді тобымен бірге полицейлер мен эпидемиологтар да санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін рейдтер жүргізеді. 1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптары орындалмай, нысандар қайта ашылмайды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. ⠀ Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 50 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорынға ескерту жасалып, кей кәсіпкерлерге айыппұл салынды. ⠀ Астанада маска тағу режимі сақталуда. Адамдар көп жиналатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да жабық ғимаратта бетперде кию, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта ауысады.