Бүгіннен бастап бүлдіршіндер «Balapan» арнасынан шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көре алады
Бүгіннен бастап бүлдіршіндер «Balapan» @balapantv телеарнасының YouTube каналынан шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көре алады, деп хабарлайды Елорда Инфо телеарнаға сілтеме жасап. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасы үздік шетелдік мультхикаялардың телеқұқығымен қоса, интернет құқықтарын сатып алу бастамасын алғаш болып жүзеге асырып отыр. Яғни, алдағы уақытта арнадан көрсетілетін шетелдік анимациялық жобалар YouTube-тағы «BalapanTV» каналына салынады. Демек, бұл – мультсериалдарды балалар әлемнің кез келген нүктесінен, қалаған уақытында тамашалай алады деген сөз. Айта кетерлігі, бұған дейін шетелдік жобалардың дубляждалған нұсқасын әлеуметтік желілерге салу құқығы еліміздегі ешбір арнада болмаған. Бүлдіршіндерге тарту ретінде бүгін YouTube-тағы «BalapanTV» каналына «Құрастырушы Лева» мультсериалының 66 бөлімі салынды. Алдағы уақытта YouTube-арна «Виспер-1», «Виспер-2», «100 % Wolf», «Аңдар достығы», «Капитан Шарки», «Кунг-фу қоян: от әміршісі», «Қанат қақ», «Аяз атаны құтқару», «Кемедегі оқиға» сынды анимациялық жобалармен толықтырылады. «Balapan» телеарнасы төл анимацияны дамыту ісіне де көңіл бөліп келеді. Мәселен, телеарна тапсырысымен 2018 жылы 10, 2019 жылы 14 отандық мультсериал жасалса, 2020 жылы кішкентай көрермендерге 20 жоба жол тартпақ. Эфирден өткен барлық жобаларды арнаның YouTube каналынан көруге болады.
-->Бүгіннен бастап бүлдіршіндер «Balapan» @balapantv телеарнасының YouTube каналынан шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көре алады, деп хабарлайды Елорда Инфо телеарнаға сілтеме жасап. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасы үздік шетелдік мультхикаялардың телеқұқығымен қоса, интернет құқықтарын сатып алу бастамасын алғаш болып жүзеге асырып отыр. Яғни, алдағы уақытта арнадан көрсетілетін шетелдік анимациялық жобалар YouTube-тағы «BalapanTV» каналына салынады. Демек, бұл – мультсериалдарды балалар әлемнің кез келген нүктесінен, қалаған уақытында тамашалай алады деген сөз. Айта кетерлігі, бұған дейін шетелдік жобалардың дубляждалған нұсқасын әлеуметтік желілерге салу құқығы еліміздегі ешбір арнада болмаған. Бүлдіршіндерге тарту ретінде бүгін YouTube-тағы «BalapanTV» каналына «Құрастырушы Лева» мультсериалының 66 бөлімі салынды. Алдағы уақытта YouTube-арна «Виспер-1», «Виспер-2», «100 % Wolf», «Аңдар достығы», «Капитан Шарки», «Кунг-фу қоян: от әміршісі», «Қанат қақ», «Аяз атаны құтқару», «Кемедегі оқиға» сынды анимациялық жобалармен толықтырылады. «Balapan» телеарнасы төл анимацияны дамыту ісіне де көңіл бөліп келеді. Мәселен, телеарна тапсырысымен 2018 жылы 10, 2019 жылы 14 отандық мультсериал жасалса, 2020 жылы кішкентай көрермендерге 20 жоба жол тартпақ. Эфирден өткен барлық жобаларды арнаның YouTube каналынан көруге болады.