Елорда жаңалықтары

Жазасын өтеп жатқан әйелдер арасында «Балама деген сағыныш» шарасы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған әйелдер балаларына деген ыстық сағынышын қағаз беттеріне түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.   ЕЦ-166/10 мекемесінің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Балама деген сағыныш» атты тақырыпта шығармашылық тәрбие сағаты өтті. Аталған іс-шараның мақсаты- сотталғандар арасында отбасылық байланысын жандандыру, оның түзелу процесінде ықпал етуге бағытталған тәрбиелік жұмыс. «Сотталған К.И. бостандықта кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар. Ол өз шығармасында балаларына деген сағынышын жазып, әр баласының бойындағы жақсы қасиеттерін атады. Әсіресе кіші баласының анасына деп арнап салған суреттеріне ұзақ қарап, суреттегі анаға деген сағынышын суреттеді. Сотталған Ж.З өз шығармасында баласына бостандыққа шыққан сәттен бастап бар аналық мейірімін беріп, жырақта жүрсе де балаларының тәрбиесіне көмек беріп отырған туғандарына алғысын жазды. Шығарма мазмұнынан әр бала ата ананың мейіріміне мұқтаж болмауы керек екенін түсінесіз. Балаларынан жырақта жүрсе де жүректері бірге соғатын ата-аналар үшін бұл мейірімге толы мерекенің өз орны бар», делінген ҚАЖ Департаментінің хабарламасында.

-->