Елорданың блок-бекеттерінде жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды
Бүгін Қарағанды тасжолындағы «Жібек жолы» блок-бекетінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресте алдыңғы шекте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген дәрігер, полицей және волонтерлерді марапаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
«Дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлер бірігіп, індетті жеңіп және тезірек үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті. Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар», - деді Ержан Сәденов.
Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен алдыңғы шекте күресті.
[caption id="attachment_17526" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
[caption id="attachment_17525" align="alignnone" width="1280"]
Фото: astana.gov.kz[/caption]
Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен полицейлер аз емес. Оның ішінде блок-бекеттерден жүкті әйелдерді алып перзентханаларға, түрлі жарақаттармен келген науқастарды ауруханаларға жеткізген полицейлер бар.
[caption id="attachment_17527" align="alignnone" width="1280"]
Фото: astana.gov.kz[/caption]
Бұған қоса, Полиция департаменті карантин режимі аяқталмағандығын, эпидемия жойылмағандығын ескертті. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керек.