Елорда жаңалықтары

Елордада бүгіннен бастап қала маңына қатынайтын автобустар жолға шықты

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында барлық қала маңы бағыттары қатынайды, дееп хабарлайды Елорда Инфо Сts компаниясына сілтеме жасап. Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады. Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы Қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Қаулының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсу сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50% аспауы керек деген талап сақталады. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарастырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Естеріңізге саламыз, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

-->