Елордалық ҚХА балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасын өткізді
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Акция аясында елордалық этномәдени бірлестік мүшелері әлеуметтік аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мерекелік қалташалар таратылды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыты қайырымдылық істерін көрсету болып саналады. Осының негізінде 40-тан астам әлеуметтік аз қамтылған, жалғызбасты әке-ана және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қуаныш сыйламақпыз. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық жасаудан ешқашанда тысқары қалған емес», - деп атап өтті қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
Алғашқылардың бірі болып акцияға қолдау білдірген Нұр-Сұлтан қаласының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» филиалы.
«Мұстафа Мұстафаев біздің бірлестіктің меценаты. Мақтараарал ауданына ол 1 млн 700 мың теңге көлемінде ақшалай көмек пен 30 тонна ұн жіберді. Бұл жолы да қолдан келген көмегін аямай, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, тәттілермен қуантудан бас тартпады. Біз елордалық этномәдени бірлестік мүшелері қашан болмасын қол ұшын созуға дайын тұрамыз. Балалардың жүздеріндегі күлкіні көру біз үшін бақыт»,- екендігін бірлестік төрағасы Шамо Фатоев тілге тиек етті.