Халықаралық балалар күніне қарсаңында елордалық тәрбиеленушілерге смартфондар мен самокаттар сыйға тартылды
Халықаралық балалар қорғау күні мерекесі қарсаңында елорда әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Dobro Nur-Sultan» еріктілердің бастамасымен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға 16 самокат пен 76 смартфон сыйлады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында біз – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі елордалық кәсіпкерлермен және «Dobro Nur-Sultan» еріктілер қозғалысымен бірге балаларды құттықтауды ұйғардық. Біздің жобаның негізгі мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту болып саналады. Ал оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, сондай-ақ қоғамдағы парасаттылықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз кішкентай бүлдіршіндерге 16 самокат, ал аздап ересектеріне бас-аяғы 76 смартфон сыйлауды жөн көрдік. Қазіргі уақытта орталықта тұрақты негізде 50 бала және уақытша негізде 42 бала бар. Біз оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, жазда немен шұғылданатынын анықтаған соң осындай сыйлықтар сыйлауды дұрыс деп санадық», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің менеджері Сәуле Бисембаева. Қазіргі уақытта елордада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында 90-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын 1 маусым қарсаңында қонақтар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілетін. Биыл карантинге байланысты мерекелеу форматы өзгерді. «Біздің балалар отбасы үлгісіндегі бас-аяғы 6 коттеджде тұрады. 1 маусымда өз аумағымызда балаларға арнап мерекелік іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда гүлден жасалған аралдар орнатылады, ал олардың әрқайсысында балалар бірнәрсемен шұғылданып отырады. Бүлдіршіндер асфальтта сурет салады, музыкалық бағдарлама, сол сияқты футбол алаңында отбасылық эстафета жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біздің аспаздық студия ашу жоспарымызда бар, онда балалар печенье, тоқаш пісіретін болады. Оның бәрі гүл түрінде болады. Еліміздің және әлемнің өзге де бүлдіршіндерін осындай тамаша мерекемен құттықтағым келеді. Әрине, біз әр баланың бақытты отбасында өмір сүруін тілейміз. Сол себепті олардың өз отбасыларын тауып, бақытты болуын және олардың өмірде өз жолын тапқанын қалаймыз», - деп қала әкімдігінің өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының директоры Бибігүл Такисова жылы лебізін білдірді. Елордалық Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова атап өткендей, карантинге қарамастан, елордалық тәрбиеленушілер мерекелік іс-шарасыз қалмайды. Оларды құттықтауға біраз адам мен ұйымдар ниет білдіріп, әлеуметтік желі арқылы да көмектесіп жатыр. «Біз балаларды мейрамнан құр қалдырмаймыз. Құттықтағысы келетін қонақ көп. Олар сыйлықтарын жіберіп, бейнежазбаларын жолдап жатыр. Біздің тамаша онлайн платформамыз бар – бұл әлеуметтік желілер, онда әрбір адам интернат тәрбиеленушілерін құттықтап, өз сыйлықтарын бере алады. Өз кезегінде 1 маусымда бұл мерекені балалар өз отбасыларында атап өтеді. Квестер мен суреттер көрсетіледі. Қосымша білім беру мұғалімдері онлайн-байланыс арқылы шеберлік сабақтарын өткізеді. Аспаздар қауымдастығы балаларға тәтті печеньелерді сәндеуге көмектеседі. Онлайн түрде кез келген іс-шараны өткізуге болады», - деді ол.
-->Халықаралық балалар қорғау күні мерекесі қарсаңында елорда әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Dobro Nur-Sultan» еріктілердің бастамасымен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға 16 самокат пен 76 смартфон сыйлады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында біз – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі елордалық кәсіпкерлермен және «Dobro Nur-Sultan» еріктілер қозғалысымен бірге балаларды құттықтауды ұйғардық. Біздің жобаның негізгі мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту болып саналады. Ал оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, сондай-ақ қоғамдағы парасаттылықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз кішкентай бүлдіршіндерге 16 самокат, ал аздап ересектеріне бас-аяғы 76 смартфон сыйлауды жөн көрдік. Қазіргі уақытта орталықта тұрақты негізде 50 бала және уақытша негізде 42 бала бар. Біз оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, жазда немен шұғылданатынын анықтаған соң осындай сыйлықтар сыйлауды дұрыс деп санадық», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің менеджері Сәуле Бисембаева. Қазіргі уақытта елордада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында 90-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын 1 маусым қарсаңында қонақтар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілетін. Биыл карантинге байланысты мерекелеу форматы өзгерді. «Біздің балалар отбасы үлгісіндегі бас-аяғы 6 коттеджде тұрады. 1 маусымда өз аумағымызда балаларға арнап мерекелік іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда гүлден жасалған аралдар орнатылады, ал олардың әрқайсысында балалар бірнәрсемен шұғылданып отырады. Бүлдіршіндер асфальтта сурет салады, музыкалық бағдарлама, сол сияқты футбол алаңында отбасылық эстафета жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біздің аспаздық студия ашу жоспарымызда бар, онда балалар печенье, тоқаш пісіретін болады. Оның бәрі гүл түрінде болады. Еліміздің және әлемнің өзге де бүлдіршіндерін осындай тамаша мерекемен құттықтағым келеді. Әрине, біз әр баланың бақытты отбасында өмір сүруін тілейміз. Сол себепті олардың өз отбасыларын тауып, бақытты болуын және олардың өмірде өз жолын тапқанын қалаймыз», - деп қала әкімдігінің өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының директоры Бибігүл Такисова жылы лебізін білдірді. Елордалық Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова атап өткендей, карантинге қарамастан, елордалық тәрбиеленушілер мерекелік іс-шарасыз қалмайды. Оларды құттықтауға біраз адам мен ұйымдар ниет білдіріп, әлеуметтік желі арқылы да көмектесіп жатыр. «Біз балаларды мейрамнан құр қалдырмаймыз. Құттықтағысы келетін қонақ көп. Олар сыйлықтарын жіберіп, бейнежазбаларын жолдап жатыр. Біздің тамаша онлайн платформамыз бар – бұл әлеуметтік желілер, онда әрбір адам интернат тәрбиеленушілерін құттықтап, өз сыйлықтарын бере алады. Өз кезегінде 1 маусымда бұл мерекені балалар өз отбасыларында атап өтеді. Квестер мен суреттер көрсетіледі. Қосымша білім беру мұғалімдері онлайн-байланыс арқылы шеберлік сабақтарын өткізеді. Аспаздар қауымдастығы балаларға тәтті печеньелерді сәндеуге көмектеседі. Онлайн түрде кез келген іс-шараны өткізуге болады», - деді ол.