Елорда жаңалықтары

Қазақстан мұнайы қай құбырлар арқылы экспортталып жатыр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қазақстандық мұнай қандай құбырлар арқылы экспортталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта елімізде мұнай-газ саласында өнімін өткізе алмай жүрген компаниялар жоқ. Барлығы мүмкіндіктері бойынша «Атырау-Самара» мұнай құбыры, «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы және де теміржолмен басқа да тараптарға өткізіп жатыр», - дейді ведомство басшысы. Айтуынша ішкі нарықта мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу процестері ұйымдастырылды. «Біз мұнай өндіруші компаниялардың өнімдерін өткізу үшін Үкімет қабылдаған шешімдерге, яғни кедендік баж салығын алып тастау жөнінде, алыс кедендік одақтың сыртына мұнай өнімдерін шығару жөніндегі мәселелерді, тағы да әкімшілік қолдауларды, осындай реттеулерді қабылдадық», - дейді Нұрлан Ноғаев. Ведомство басшысы сөз арасында мұнай өңдеу зауыттары пандемия кезінде жұмысын тоқтатпағанын мәлім етті. «Өз кезегінде пандемияға қарсы экономикалық белсенділік төмендеген кезде мұнай тұтыну көлемі азайды. Оған төтенше жағдай кезіндегі кәсіпорындар жұмысының тоқтауы себеп болды. Дегенмен Үкіметтің қабылдаған шешімдеріне сәйкес мұнай өңдеу зауыттары өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Павлодар мұнай өңдеу зауыты 8 маусымға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол біткеннен кейін өз жұмысын ары қарай жалғастырады», - дейді министр.

-->