Елорда жаңалықтары

Қанша мұнайшы жұмыссыз қалуы мүмкін – министр жауабы

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев онлайн брифингте «қанша мұнайшы жұмыссыз қалуы мүмкін?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен мұнайлы өлкелерге бардық. Ондағы басты мәселе – мұнай-газ саласында қызмет атқаратын сервистік компаниялардағы жұмысшылар санын қысқартпау болып отыр. Министрлік пен жергілікті әкімдіктердің бірлесіп қабылдаған іс-шараларына сәйкес, бұл мәселе қатаң бақылауда. Қазіргі таңда осы жоспарға сай жұмыстар атқарылып жатыр. Бізге келіп түскен ақпараттарға сүйенсек, қазіргі уақытта 3,5 мың адам мұнай сервистік компаниялардан жұмыстан босатылып отыр. Әрине, мекеме басшылары алдағы уақытта жұмысшылар босатылуы мүмкін деген уәждерін айтуда. Алайда өзіндік құнын төмендетіп, бизнес процесін оңтайландырып, қолға алған іс-шараларға сай жұмыс істеу керектігін сервистік компаниялар басшыларының есіне саламын. Өз тарапымыздан бұл жұмыстарды бірігіп атқаруға әзірміз. Қазіргі таңда «Болашақ» кеңейту жобасындағы маусым айының соңына дейін демалысқа жіберілді. Осы демалыс уақытында оларға жалақылары үздіксіз төленетін болады. Жалпы, «Теңіз шевройл» және басқа да мұнай сервистік компанияларымен тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді министр.

-->