Елорда жаңалықтары

Кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек – министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте пандемияны қалай тоқтату керектігіне тоқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, пандемия әлі де аяқталған жоқ. Бұл әлі де қауіпті. Инфекция толқын-толқынмен келе жатыр. Бүкіл дүниежүзіндегі пандемияны тоқтату үшін әр азамат, әр мемлекет шектеу енгізіп, соны барынша ұстанып, санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет. Сонымен қатар сыртқа шыққанда және жұмыс орнында 2 метр арақашықтықты сақтау керек. Бетперде тағу да, үнемі қол жуып отыру да маңызды. Кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек. Әрине, кейбір вахтамен жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмысын тоқтата алмаймыз. Ол жерлерде қатаң санитарлық норма енгізіліп, дезинфекциялық шаралар жасалып тұруы тиіс. Жергілікті әкімшіліктер санитарлық шараларды бақылау рейдтерін жүргізіп жатыр. Әрине, карантин тәртібін сақтамай отырғандардың да бар екенін көрсетті. Отбасымыздың, туыстарымыздың, жақындарымыздың денсаулығын қорғау үшін әр азаматтан санитарлық нормаларды қатаң сақтауды сұраймын. Жалпы, бұл инфекция біздің бақылауымызда деп айтуға болады. Басқа елдермен салыстырғанда біздің еліміздегі ауырғандар саны да, қайтыс болғандар да аз. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс басшыларына тағы да бірқатар нақты тапсырма берді. Біз осы жұмыстарды әлі де жалғастыратын боламыз. Тек бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – деді министр.

-->