Коронавирус инфекциясының өсімі ірі кәсіпорындарда тіркелді – Біртанов
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі жағдайды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Соңғы екі аптадағы жағдайда өсім деңгейі байқалып отыр. Күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспайды. Алайда кей өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны артты. Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы бар», - дейді Е.Біртанов. Министрдің айтуынша бұл өңірлердегі коронавирус инфекциясының өсімі үлкен кәсіпорындардан тіркелінген екен. «Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде 1 063 науқас, Қарағанды облысында 358 науқас, Шымкент қаласындағы «Петро Қазақстан» ұйымында 2 019 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларындағы құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас анықталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында және Алматыда әскери ұйымдардың ішінде науқастар тіркелді. Жұмыс орындарының ашылуына байланысты инфекцияның таралу қаупі артты», - дейді министр.
-->Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі жағдайды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Соңғы екі аптадағы жағдайда өсім деңгейі байқалып отыр. Күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспайды. Алайда кей өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны артты. Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы бар», - дейді Е.Біртанов. Министрдің айтуынша бұл өңірлердегі коронавирус инфекциясының өсімі үлкен кәсіпорындардан тіркелінген екен. «Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде 1 063 науқас, Қарағанды облысында 358 науқас, Шымкент қаласындағы «Петро Қазақстан» ұйымында 2 019 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларындағы құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас анықталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында және Алматыда әскери ұйымдардың ішінде науқастар тіркелді. Жұмыс орындарының ашылуына байланысты инфекцияның таралу қаупі артты», - дейді министр.