Алтай Көлгінов елордада науқастар саны неліктен артқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов науқастар саны неліктен азаймай тұрғанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қаламызда науқастар саны артқанын байқап отырмыз. Бұған жұмыс орындарының ашылуы себеп болып отыр. Карантин тәртібінің алғашқы жеңілдеуі мемлекеттік комиссияның шешімімен 20 сәуір күні жүргізілген. Алғаш болып құрылыс жұмысы, ал мамыр айының басынан қызмет көрсету саласы жанданды. Сонымен бірге біз рейд жүргізіп тұрамыз. Рейд кезінде санитарлық талаптардың орындалмай жатқанын байқаймыз. Осындай мониторинг кезінде біз 26 нысанның жұмысын тоқтаттық. Олардың бір бөлігіне айыппұл салынды. Санитарлық талаптар орындалғаннан кейін барып жұмысын бастауына рұқсат бердік», - дейді әкім. Сөз арасында эпидемиологиялық талаптарды сақтау ең бірінші жұмыс берушілерге жүктелетінін айрықша атап өтті. «Қоғамдық көліктерде санитарлық талаптарды сақтау керек. ТЖ аяқталып, автобустар жұмысына кіріскен алғашқы күндері жұрт бұл талаптарға мүлдем құлақ аспады. Ал карантинге дейін күніне 700 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатын. Оның үстіне біздегі жүргізушінің бірінен коронавирус анықталғанын да ескере кеткен жөн. Бұл үлкен қауіп. Сол себепті қазір автобустар тұрақты түрде бақылауда болады. Әрі автобустар күнделікті дезинфекцияланады. Біз әр адамға бақылаушы қоя алмаймыз. Сондықтан тұрғындарымыз өз бетімен сақтық шараларын барынша сақтауы тиіс. Өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеуі керек», - деді Алтай Көлгінов. Айтуынша 98 пайыз төлем онлайн түрде жүргізіледі. Сол сияқты пилоттық режимде Face Pay жүйесі қолданылып жатыр. Яғни адамның бет-әлпеті арқылы төлем жасалады.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов науқастар саны неліктен азаймай тұрғанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қаламызда науқастар саны артқанын байқап отырмыз. Бұған жұмыс орындарының ашылуы себеп болып отыр. Карантин тәртібінің алғашқы жеңілдеуі мемлекеттік комиссияның шешімімен 20 сәуір күні жүргізілген. Алғаш болып құрылыс жұмысы, ал мамыр айының басынан қызмет көрсету саласы жанданды. Сонымен бірге біз рейд жүргізіп тұрамыз. Рейд кезінде санитарлық талаптардың орындалмай жатқанын байқаймыз. Осындай мониторинг кезінде біз 26 нысанның жұмысын тоқтаттық. Олардың бір бөлігіне айыппұл салынды. Санитарлық талаптар орындалғаннан кейін барып жұмысын бастауына рұқсат бердік», - дейді әкім. Сөз арасында эпидемиологиялық талаптарды сақтау ең бірінші жұмыс берушілерге жүктелетінін айрықша атап өтті. «Қоғамдық көліктерде санитарлық талаптарды сақтау керек. ТЖ аяқталып, автобустар жұмысына кіріскен алғашқы күндері жұрт бұл талаптарға мүлдем құлақ аспады. Ал карантинге дейін күніне 700 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатын. Оның үстіне біздегі жүргізушінің бірінен коронавирус анықталғанын да ескере кеткен жөн. Бұл үлкен қауіп. Сол себепті қазір автобустар тұрақты түрде бақылауда болады. Әрі автобустар күнделікті дезинфекцияланады. Біз әр адамға бақылаушы қоя алмаймыз. Сондықтан тұрғындарымыз өз бетімен сақтық шараларын барынша сақтауы тиіс. Өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеуі керек», - деді Алтай Көлгінов. Айтуынша 98 пайыз төлем онлайн түрде жүргізіледі. Сол сияқты пилоттық режимде Face Pay жүйесі қолданылып жатыр. Яғни адамның бет-әлпеті арқылы төлем жасалады.