Қосшы, Талапкер ауылдары елорданың ішкі карантиндік аумағына кіруі мүмкін – әкім
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысының іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Эпидемиялық ахуалдың тұрақтылығына қарай маусым айынан бастап қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысын іске қосуды жопарлап отырмыз. Жалпы, қалалық штабта заңды тұрғыда Ақмола облысына қарағанмен, арақашықтық жағынан елордаға жақын орналасқан және тұрғындарының басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін Қосшы, Талапкер сияқты елді мекендерді қаланың ішкі карантиндік аумағына кіргізу қарастырылып отыр», – деді Алтай Көлгінов.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысының іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Эпидемиялық ахуалдың тұрақтылығына қарай маусым айынан бастап қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысын іске қосуды жопарлап отырмыз. Жалпы, қалалық штабта заңды тұрғыда Ақмола облысына қарағанмен, арақашықтық жағынан елордаға жақын орналасқан және тұрғындарының басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін Қосшы, Талапкер сияқты елді мекендерді қаланың ішкі карантиндік аумағына кіргізу қарастырылып отыр», – деді Алтай Көлгінов.