Елорда жаңалықтары

Сақтықта қорлық жоқ – А.Көлгінов елордадағы эпидахуал туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте елордада коронавирус инфекциясының 1 630 жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі таңда елордада коронавирус инфекциясының 1 630 жағдайы тіркелді. 3 мыңнан аса адам – үй карантинінде. 835 науқас емделіп шықты. Өкінішке қарай, бес адам коронавирус індетінен қайтыс болды. Марқұмдардың туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Жалпы, ауруға шалдыққандардың 40 пайызы 18-30 жас аралығындағы жастар болса, 36 пайызы – 30 бен 50 жас шамасындағы адамдар. Коронавирус індетін қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайды. Бұл ауру созылмалы аурумен ауырмаған жастардың денсаулығына да әп-сәтте зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, бұрын денсаулығы бойынша шағымданбаған ер азамат қазір өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл – коронавирус инфекциясының жас талғамайтындығына тағы бір дәлел. Тек өзін-өзі оқшаулау мен қатаң санитарлық нормаларды сақтау қалыпты өмірге оралудың сенімді әрі жылдам әдісі болып саналады. Барынша сақтану қажет, сақтықта қорлық жоқ», – деді Алтай Көлгінов.

-->