Елорда жаңалықтары

Астанада педагогтерге арналған республикалық конференция өтіп жатыр

Астанада педагогтерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара қаладағы №59 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Оған қоғам қайраткерлері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы», елордалық және республика деңгейіндегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып жатыр.

Спикерлер Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту перспективаларына бағытталған инновациялық жобаларды іске асыру жайлы ой қозғайды. Осндай-ақ заманауи форматтарды таныстырады, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін талқылайды.

Конференция барысында 14 секциялық отырыс және қатысушылардың пікір алмасу диалог алаңы жұмыс істейді.

-->

Бүгін №59 мектеп-лицейі мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен бірігіп, «Үздіксіз білім беру тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының негізгі шарты ретінде» таөырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Мақсаты  – білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде бағдарламалар мен жобаларды табысты іске асыру тәжірибесімен алмасу, - деді №59 мектеп-лицейінің оқу ісі бойынша меңгерушісі Сәуле Қабажаева.

Спикерлер Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту перспективаларына бағытталған инновациялық жобаларды іске асыру жайлы ой қозғайды. Осндай-ақ заманауи форматтарды таныстырады, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін талқылайды.

Бұл  –  баланы тәрбиелеуде көп септігін тигізетін конференцияның бірі. Педагог болсын, ата-ана болсын, олар баланы үздіксіз білім алуға бағыттайды. Мұнда жиналғандар білім саласында еңбек ететін профессорлардың ой-пікірін тыңдап, теориялық бағытта пікір және тәжірибе алмасады. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін, - деді Әдістемелік орталық басшысы Сындар Мұратқызы.