Елорда жаңалықтары

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем 4,6 млн адамға берілді – вице-министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов дағдарысқа қарсы атқарылып жатқан шаралар мен төтенше жағдай режимі кезіндегі әлеуметтік төлемақылар мәселесін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Үкімет кәсіпкерлерді қолдау үшін біршама шаралар жасады. Бұл бірінші кезекте салық бойынша шаралар және басымды жобаларды несиелеу шеңберінде қолжетімді қаржыландыру шаралары. Жұмыспен қамту және отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы 2020 жылға арналған бағдарлама бекітілді. Дағдарысқа қарсы жоспар аясында 2020 жылы Үкімет 1,2 млн адамды жұмыспен қамтитын болады. Экономикалық өсімді жыл соңына дейін қалпына келтіру үшін кешенді шаралар жүзеге асырылады», - дейді Ақмади Сарбасов. Сөз арасында ол төтенше жағдай режимі кезіндегі әлеуметтік төлемдер мәселесіне тоқталып өтті. «Әлеуметтік төлемдерге өтініш осы жылдың 11 мамырына дейін қабылданды. Еліміздің 4,6 млн азаматы әлеуметтік төлем алды, оған 194,2 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде 3,7 млн адамға бірінші айда төленді. Ал 2,9 млн азаматқа бұл төлемақы екінші рет берілді», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

-->