Елорда жаңалықтары

Елорда базарларында бір айда сиыр еті 100 теңгеге қымбаттады

Elorda.info оқырмандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына шолу жасап, өнімдерді қайдан сатып алу тиімдірек екенін біле алады.

Қаңтардан бастап елорда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өзгерді. Мысалы, нан бағасына орта есеппен 10 теңге қосылған. Қаңтарда қырыққабаттың бір келісі 90-180 теңге аралығында болса, қазір 140-220 теңгеден сатылуда. Жыл басында тауық еті 1400 теңгеден бастап сатылса, қазір бір келісі 1750 теңгеге дейін саудаланып жатыр. Тауық жұмыртқасы орта есеппен 30 теңгеге қымбаттаған. Осыдан екі ай бұрын күріштің бір келісі 435-550 теңгеден болды, қазір базарларда 550-710 теңге аралығында сатылып жатыр. Сиыр еті де қымбаттаған тауарлар қатарына жатады. Қаңтарда бір келісін 2300-2650 теңгеден алуға болатын еді. Қазір ет бағасы 2800 теңге дейін қымбаттап кетті. Көкөніс бағасы керісінше, арзандады. Картоп, сәбіз бен пияз бағасы шамамен 20 теңгеге арзандады.   

2022 жылдың наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары арзан болған. Сиыр еті 2500 теңгеден, тауық еті 1200 теңгеден, күріш 390 теңгеден, күнбағыс майы 830 теңгеден, жұмыртқа 500 теңгеден, сүзбе 1000 теңгеден сатылған. Бірақ кейбір азық-түліктер керісінше, бір жыл бұрын тұрғындар қымбатырақ бағаға сатып алған. Былтыр осы кезеңде қырыққабаттың бір келісі 420 теңге болса, сәбіз 240 теңгеден сатылған. Ал картоптың бір келісі 220 теңге болды.

Жуырда Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев қолданыстағы шарттар бойынша 10 мың тонна көкөніс қоры бар екенін айтты. Оның ішінде картоп – 6 006,2 тонна, сәбіз – 1 398,9 тонна, пияз – 1 761 тонна, қырыққабат – 1 292,2 тонна. Мамыр-маусым айларына 1 800 тонна көлемінде импорттық көкөністерді жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр. Азық-түлік корпорациясы арқылы 1-сортты арзандатылған ұнды сату бойынша көлемі 5 338 тонна астықты жеткізуге меморандум жасалыпты.

Өзге де азық-түлік тауарларының бағасы төмендегі кестеде жазылған:

-->