Биыл теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді
Биылғы І тоқсанда елімізде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелді. «Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді, оның ішінде 1 800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексерді», - делінген хабарламада. Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылығы анықталды. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 105 млн астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2 125 келі рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды.
-->Биылғы І тоқсанда елімізде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелді. «Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді, оның ішінде 1 800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексерді», - делінген хабарламада. Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылығы анықталды. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 105 млн астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2 125 келі рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды.