Польшаның Stokson компаниясы елордада кондитерлік фабрика ашады
Астанада көкөніс қоймасы, кондитерлік фабрика мен жылыжайлар салынады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.
Ақмола облысының өндірушісімен бірлесіп «AQMOL FOOD» ЖШС елордамызда 2,6 млрд теңге сомасына 4 жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкені ашу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Осы жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкеде ӘМАТ өнімдері «егістіктен сөреге дейін» қағидасы бойынша сатылатын болады.
Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, инвестицияның жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын 2 базардың құрылысы жүргізіліп жатыр.
(stokson.com)
«Айналым тетігі» аясында бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді. Барлық ӘМАТ 19 түрі бойынша 35 мың тонна жеткізуге келісімшарт жасалды. Қолданыстағы шарттар бойынша 10 мың тонна көкөніс қоры бар (картоп – 6 006,2 тонна, сәбіз – 1 398,9 тонна, пияз – 1 761 тонна, қырыққабат – 1 292,2 тонна). Мамыр-маусым айларына 1 800 тонна (картоп – 812 тонна, пияз – 410, сәбіз – 340 және қырыққабат – 265) көлемінде импорттық көкөністерді жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарлануда.
Сонымен қатар биыл «Шарын» жаңа базарымен бірлесіп 3 мекен жай бойынша жәрмеңке өткізіледі: Дүкенұлы көшесі, 31/1 (Әсем базарының тұрағы), Жеңіс даңғылы, 66а (Aqmol Food), Есенберлин көшесі, 25 (ғимарат алдындағы тұрақ). Өнімдер тікелей өндірушіден көтерме бағада сатылып жатыр.
-->Астанада көкөніс қоймасы, кондитерлік фабрика мен жылыжайлар салынады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестициялардың жалпы сомасы 88,3 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жалпы инвестициясы 18,35 млрд теңгені құрайтын 72,3 мың тонна дайын өнімді (ет комбинаты, нан зауыты, жартылай фабрикаттар, ұн және кондитерлік өнімдер және т.б.) шығару және қайта өңдеу бойынша өндірістік кешендердің құрылысы бойынша 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Kazakh Invest» компаниясымен бірлесе отырып кондитерлік фабриканың құрылысына шетелдік инвесторды тарту жұмыстары жүргізілді, бұл Польшаның Stokson компаниясы, жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңге. Жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрайтын 2 КТО (45 мың ш.м.), 2 млрд теңгені құрайтын 1 қойма кешені (9,5 мың ш. м.), сондай-ақ 2,85 млрд теңге сомасына 3 көкөніс қоймасы (14 мың тонна сақтау) салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция сомасы 22,7 млрд теңгені құрайтын жылдық қуаты 14 мың тонна 2 жылыжай кешенін салу жүргізіліп жатыр, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Ақмола облысының өндірушісімен бірлесіп «AQMOL FOOD» ЖШС елордамызда 2,6 млрд теңге сомасына 4 жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкені ашу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Осы жыл бойы жүргізілетін жәрмеңкеде ӘМАТ өнімдері «егістіктен сөреге дейін» қағидасы бойынша сатылатын болады.
Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, инвестицияның жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын 2 базардың құрылысы жүргізіліп жатыр.
(stokson.com)
«Айналым тетігі» аясында бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді. Барлық ӘМАТ 19 түрі бойынша 35 мың тонна жеткізуге келісімшарт жасалды. Қолданыстағы шарттар бойынша 10 мың тонна көкөніс қоры бар (картоп – 6 006,2 тонна, сәбіз – 1 398,9 тонна, пияз – 1 761 тонна, қырыққабат – 1 292,2 тонна). Мамыр-маусым айларына 1 800 тонна (картоп – 812 тонна, пияз – 410, сәбіз – 340 және қырыққабат – 265) көлемінде импорттық көкөністерді жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарлануда.
Елорданы қантпен қамтамасыз ету мақсатында Меркі зауытымен көлемі 3,5 мың тонна 1,6 млрд теңге сомасына қантты жеткізу шартына қол қойылды.
Азық-түлік корпорациясы арқылы 1 сортты арзандатылған ұнды сату бойынша көлемі 5 338 тонна астықты жеткізуге меморандум жасалды.
Сауран, 7, Қосшығұлұлы, 14 мекен жайы бойынша елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қала аумағында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмыстары жалғасуда. Барлық өнімдер нарық бағадан 10-15% төмен арзан бағада сатылып жатыр, – деді ол.
Сонымен қатар биыл «Шарын» жаңа базарымен бірлесіп 3 мекен жай бойынша жәрмеңке өткізіледі: Дүкенұлы көшесі, 31/1 (Әсем базарының тұрағы), Жеңіс даңғылы, 66а (Aqmol Food), Есенберлин көшесі, 25 (ғимарат алдындағы тұрақ). Өнімдер тікелей өндірушіден көтерме бағада сатылып жатыр.
Тұрақты негізде баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемалардың Өңірлік комиссиясының отырысы өткізіледі. Жыл басынан бері 21 отырыс өткізілді, оның ішінде 9 көшпелі отырыс. Көшпелі кеңес барысында қаланың сауда объектілерінде сауда үстемесінің 15% - сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев.