Алтай Көлгінов мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Құрметті оқушылар мен түлектер! Баршаңызды соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі ерекше жағдайда өтті. Оның себебі де баршамызға аян. Бірақ Сіздер қиын кезеңде табандылық пен төзім көрсетіп, білім алуға деген құштарлық танытып, осы сында биіктен көріне білдіңіздер. Бұл – қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы кезең. Бойларыңызға білім нәрін сепкен ұстаздарыңыз әрдайым қастарыңызда болды. Кейбіреулеріңіз болашақ мамандықтарыңызды таңдап үлгердіңіздер. Табысқа адал еңбекпен жетуге болады. Сіздерге, ұстаздарыңызға, ата-аналарыңызға денсаулық пен сәттілік тілеймін! Сәт-сапар!" – деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасындағы құттықтауында.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Құрметті оқушылар мен түлектер! Баршаңызды соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі ерекше жағдайда өтті. Оның себебі де баршамызға аян. Бірақ Сіздер қиын кезеңде табандылық пен төзім көрсетіп, білім алуға деген құштарлық танытып, осы сында биіктен көріне білдіңіздер. Бұл – қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы кезең. Бойларыңызға білім нәрін сепкен ұстаздарыңыз әрдайым қастарыңызда болды. Кейбіреулеріңіз болашақ мамандықтарыңызды таңдап үлгердіңіздер. Табысқа адал еңбекпен жетуге болады. Сіздерге, ұстаздарыңызға, ата-аналарыңызға денсаулық пен сәттілік тілеймін! Сәт-сапар!" – деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасындағы құттықтауында.